Шпилевский: «Біз жас ойыншыларға мүмкіндік береміз - қалғаны өздерінің қолында»

22.11.2020, 03:50
Бүгін команда жеңілгенімен екі голды да дәл осы жастар соқты
Шпилевский: «Біз жас ойыншыларға мүмкіндік береміз - қалғаны өздерінің қолында»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Премьер-лиганың 19-турындағы «Қызыл-Жарға» (2:3) қарсы ойын туралы пікір білдірді:

- Біздің ұтылғанымыз ұят нәрсе. Маусымның тапсырмасы орындалғанына қарамастан, мен финалдық кездесулерде жеңіске жеткім келеді. Бүгін бізде эксперименттік құрам болды. Жастармен ойнауға мүмкіндік болды. Біз қорықпадық және жігіттерге уақыт бердік. Ульшин өзін өте жақсы көрсетті, пас беріп, гол соқты. Мен төрешілер туралы айтқым келмейді, бірақ бұл бүгінгі күні үлкен рөл ойнады. Жігіттер мінез көрсетті, оларға шағымым аз. Біз әрі қарай жұмыс істейміз және ойынымызды дамытатын боламыз. Біздің жас ойыншылар не нәрсеге ұмтылу керектігін түсінуі керек. Біз оларға барлық мүмкіндікті береміз - қалғаны өздерінің қолында. Мен, бас жаттықтырушы ретінде, әркімге жайдан-жай осылай ойнауға уақыт бермеймін. Жаттығу процесінде әркім оған лайықты болуы керек. Сізге көп жұмыс істеу керек, содан кейін бірінші командаға жол ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×