"Манчестер Сити"-"Челси". Ойын алдыңда

16.08.2015, 16:44
"Манчестер Сити"-"Челси". Ойын алдыңда
Ағылшын Премьер-Лигасының 2-ші турында чемпиондықтан басты үміткер командалар жолыққалы отыр. 2014/2015 маусымды "Челси" чемпион ретінде, "Манчестер Сити" күміс жүлде иесі ретінде аяқтады. Өткен маусымның қос ойыныңда да 1:1 есебі тіркелген болатын. Бұл текетірестің нәтижесі қалай болмақ?  Мануэль Пеллегрини баптай команда жазда айтарлықтай өзгерді. Милнер, Настасич, Джеко секілді соңғы маусымда сүреңсіз ойын көрсеткен футболшыларды еркіне босатып, команданы үш ағылшын футболшысымен толықтырды. Стерлинг, Дельф, Робертс. Сонымен қатар, шейхтар команда сапын Бельгия ұлттық құрамасының жас дарыны, былтырғы маусымда "Вольфсбургте" Бундеслига қорғаушылырының мазасын алып, Еуропаның үздік плеймейкері атанған Кевин де Брюйнемен толықтырғысы келеді деген әңгімелер де жоқ емес. "Ақсүйектердің" Чехты Арсеналға сыйға тартқаны жайлы көп айтылды. Алайда, Челси чемпиондық құрамын сақтап қала алды. Онымен қоймай, жарақатты жиі алатын Диего Костаны ауыстырады деген ниетпен Радамель Фалкаоны жалға алды. "Қалалықтар" маусымды өте сенімді жеңіспен бастады. Қонақта "Вест Бромвичтің" қақпасына жауапсыз үш гол тоғытқан болатын. Әрине, қорғаныста қиындықтар бар. Трансфер баразарының уақыты аяталуға жақын қалса да, команда жоғарғы деңгейлі қорғаушымен толыққан жоқ. Ал, ондай футболшы "Манчестер Ситиге" әбден керек-ақ. Дегенмен, шабуыл өтінде Пеллегриниде таңдау көп. Алғашқы ойында, өткен маусымның аяғында көп сынға ұшыраған Яя Туре екі голды атына жазған-тұғын. Сильва, Стерлинг, Бони, Агуэролар да жақсы жағынан көріне білді. Сондықтан да, букмекерлер "Манчестер Ситиді" бұл текетірестің фавориті санап отыр. Біріншіден, матч "Эттихад" алаңында өтеді. Екіншіден чемпиондардың бүгінгі жағдайы тамаша емес. "Челси" Англия Суперкубогіне таласта Арсеналға есе жіберді. Ал, ішкі біріншіліктің бірінші турында өз алаңында "Суонсимен" ұпай бөлісті. Тибо Куртуа да қызыл қағаз алып, бүгінгі ойынға қатысу құқығынан айырылды. Енді, қақпаны жазда "Сток Ситиден" келген Асмир Бегович қорғайтын болады. Терри-Кэхилл жұбының "Суонсиге" қарсы кездесуде жиі-жиі қателескенің ескерсек, онда босниялық қақпашының жұмысы көп болғалы тұр. АПЛ-дың орталық ойының КAZsport арнасынан тікелей эфиде тамашалай аласыздар. "Манчестер Сити"-"Челси" 16-шы тамыз. "Эттихад" стадионы. 21:00(Астана)   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×