«Манчестер Сити» клуб рекордын жаңартты

20.12.2021, 20:09
«Манчестер Сити» клуб рекордын жаңартты

«Манчестер Сити» «Ньюкаслмен» болған ойында 2021 жылғы АПЛ-дегі 106-шы голын соқты. «Қалалықтар» бір күнтізбелік жылда соғылған голдар саны бойынша клуб рекордын жаңартты. Алдыңғы рекорд 1929 жылы орнатылған болатын (104 гол).

Биылғы маусымда «Манчестер Сити» 18 ойыннан кейін 44 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Екінші орында келе жатқан «Ливерпульде» 41 ұпай бар.

2021 жылдың соңына дейін «Манчестер Сити» клубы Премьер-лигада «Лестер» және «Брентфорд» командаларымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×