Қазақстандық футболшы франциялық клубтағы алғашқы матчында гол соқты

20.12.2021, 17:05
Футболшы өткен маусымның соңында еркін агент атанды.
Қазақстандық футболшы франциялық клубтағы алғашқы матчында гол соқты

Қазақстандық қорғаушы Дінмұхамед Қашкен франциялық «Монако» сапында алғашқы ойынын өткізді.

Ол «Монаконың» екінші командасында ойнап, дебюттік ойында гол соқты. Бұл туралы Қазақстан жастар құрамасының футболшысы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Монако» жастары Франция чемпионатының төртінші дивизионында бақ сынайды. Он төрт ойыннан кейін «Монако» 18 ұпаймен турнирлік кестеде сегізінші орында келеді.

Қашкен кәсіби мансабында қазақстандық «Астана Ж», «Жетісу Ж», «Астана», «Қайсар» және «Ақтөбе» командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×