«Тобыл» шабуылшысына шетелдік клубтар қызығушылық танытуда

20.12.2021, 16:42
Төрт елдің командасы ұсыныс тастаған екен.
«Тобыл» шабуылшысына шетелдік клубтар қызығушылық танытуда

Қостанайлық «Тобыл» мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев ташкенттік «Пахтакордың» трансферлік нысанасына айналды, деп хабарлайды Sports.uz сайты.

Дереккөздің айтуынша, Өзбекстанның қазіргі чемпионы Боян Матич кеткеннен кейін шабуыл шебін күшейту үшін бірқатар үміткерлерді қарастыруда.

«Пахтакордың» спорттық директоры Джафар Ирисметовтың айтуынша, клубтың басты мақсаты Сергеевті елге қайтару болып отыр.

«Химки» қазір Игорь Сергеевке қызығушылық танытуда, бірақ мұны керемет нұсқа деп айту қиын. Шабуылшының польшалық және оңтүстік кореялық клубтардан нақты ұсыныстары бар. Біз бірқатар мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді футболшының агенті Рузимурод Усмонов.

Естеріңізге сала кетейік, Игорь Сергеев «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионы атанған болатын. Форвард Премьер-лигада 11 гол соғып, үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×