«Барселона» «Манчестер Юнайтед» футболшысын тегін қатарға қосқысы келеді

20.12.2021, 00:51
Оның келісім-шарты алдағы жазда аяқталады.
«Барселона» «Манчестер Юнайтед» футболшысын тегін қатарға қосқысы келеді

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Хуан Мата мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін. 33 жастағы футболшыға «Барселона» қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Daily Star.

Дереккөздің айтуынша, каталониялық клуб Матаны өткен жазда алғысы келген, бірақ ойыншы «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартын бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Алайда, осы маусымда испаниялық жартылай қорғаушы алаңға шықпай жүргендіктен, клубын ауыстыруға ниетті.

«Барселона» Матаны келесі жазда еркін агент ретінде алуды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×