“Манчестер Сити” құрамын қысқартпаса, Пеп Гвардиола қызметінен кетуге дайын

22.05.2025, 12:00

“Манчестер Сити” бас бапкері Пеп Гвардиола клуб басшылығына нақты талап қойды. Егер команда құрамының көлемі келесі маусымға дейін қысқартылмаса, ол қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді. 

“Манчестер Сити” құрамын қысқартпаса, Пеп Гвардиола қызметінен кетуге дайын

Қазіргі 28 ойыншыдан тұратын құрамды басқару қиын екенін айтып, Гвардиола матчтық құрамға бірнеше ойыншыны енгізе алмау өзіне “рухани ауыртпалық” екенін жеткізді.

Бернарду Силва, Джек Грилиш, Джон Стоунз, Илкай Гюндоган, Эдерсон және Кайл Уокер сияқты 30 жастан асқан ойыншылардың командадан кетуі мүмкін. 

Құрамды жаңарту мақсатында “Манчестер Сити” Весли, Тино Ливраменто, Андреа Камбиасо және Тиджани Рейндэрс сияқты жас әрі перспективалы ойыншыларды қарастыруда .

Гвардиола жарақаттар кезінде академия ойыншыларына сенім артып, оларды негізгі құрамға тартуға дайын екенін білдірді.

“Манчестер Сити” үшін бұл маусым сәтсіз өтті, клуб Премьер лигада, Чемпиондар лигасында, Англия кубогында және Лига кубогында жеңіліске ұшырады. 

Клуб қазіргі уақытта құрамды жаңарту және жасарту жұмыстарын жүргізуде. Гвардиоланың келісімі 2027 жылға дейін ұзартылғанымен, ол өзінің талаптары орындалмаса, клубтан кетуге дайын екенін білдіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×