«Манчестер Сити» Лионель Мессиді алудан бас тартты

23.11.2020, 03:01
Футболшы келесі жазда еркін агент атанады.
«Манчестер Сити» Лионель Мессиді алудан бас тартты

"Манчестер Сити" шабуылшы Лионель Мессиді алу жоспарынан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Sky Sports хабарлағандай, клуб басшылығы 33 жастағы футболшыға мұндай жоғары жалақы төлеуді ақылға қонымсыз деп санайды. Қазіргі уақытта Месси салықтан бөлек жылына 100 миллион еуро алып отыр.

Бұған дейін бұл трансфер 2021 жылдың қаңтарында орын алуы мүмкін деген ақпарат болған. "Манчестер Сити" қыста Мессимен байланысуы керек еді, өйткені ол кезде аргентиналық шабуылшының "Барселонамен" келісімшартының аяқталуына алты ай ғана уақыт қалады және ол басқа клубтармен еркін келіссөздер жүргізе алады.

Өткен жазда Месси каталондық клубпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға тырысты. Шабуылшы командадағы жағдайға қанағаттанбағаны үшін басшылықпен жанжалдасып қалды, бірақ ақыр соңында оны келісім аяқталғанға дейін "Барселонада" қалуға көндірді.

Лионель Месси каталондық клубқа 2000 жылы келген болатын. "Барселона" құрамында ол 10 дүркін Испания чемпионы және төрт дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×