Юрген Клопп: «Германия құрамасын болашақта жаттықтыратын шығармын»

23.11.2020, 03:29
Клопп ұлттық құраманы дәл қазір жаттықтыруға дайын емес.
Юрген Клопп: «Германия құрамасын болашақта жаттықтыратын шығармын»

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп қазіргі кезде Германия құрамасында жұмыс істеуге қызықпайтынын айтты.

«Мүмкін болашақта жаттықтыратын шығармын. Бірақ қазір емес. Менің қазір уақытым жоқ, бірақ жұмысым бар. Мен мұнда көп нәрсеге жауап беремін, сондықтан басқа қиындық керек емес. Менде күн сайын оянғаннан бастап мәселелер пайда болады», - деді Клопп Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Германия құрамасының бас бапкері қызметін соңғы 14 жыл бойы Йоахим Лёв атқарып жүр. Германия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 6-туры матчында Испаниядан жеңіліп (0:6), 1931 жылдан бергі ең ірі жеңілісіне ұшырады. Бұл жеңіліс немістерге турнирдің соңғы кезеңіне шығуға мүмкіндік бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×