«Манчестер Сити» мерзімінен бұрын Англия чемпионы атанды

12.05.2021, 10:11
Бұл жолы «қалалықтарға» «Лестер Сити» көмектесті.
«Манчестер Сити» мерзімінен бұрын Англия чемпионы атанды

Англия Премьер-лигасының 36-турында "Манчестер Юнайтед" "Олд Траффорд" стадионында "Лестер Ситиді" қабылдады. Кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Осы нәтиженің арқасында 35 матчта 80 ұпай жинаған "Манчестер Сити" Англия Премьер-лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды. "Қалалықтардың" басты бәсекелесі - "Манчестер Юнайтед" бүгін ұтылып, Хосеп Гвардиоланың шәкірттерін қуып жетудің математикалық мүмкіндіктерін жоғалтты.

Айта кету керек, "Манчестер Сити" Хосеп Гвардиоланың басшылығымен үш рет чемпиондықты жеңіп алды: "қалалықтар" 2017/2018 және 2018/2019 жылғы маусымда да осы трофейге ие болған еді. Ал өткен маусымда "Ливерпуль" чемпион атанды. Жалпы, "Манчестер Сити" Англия чемпионатында жеті рет топ жарған.

Премьер-лиганың қалған үш турында "Манчестер Сити" "Ньюкасл Юнайтед", "Брайтон" (екеуі де сырт алаңда), сондай-ақ "Эвертонмен" (өз алаңында) ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×