«Тұран» Түркменстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

12.05.2021, 14:31
Шабуылшы 2019 жылы Қырғызстан чемпионатының үздік сұрмергені болған.
«Тұран» Түркменстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

Түркменстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Вахыт Оразсахедов «Тұран» футбол клубымен келісім-шартқа отырды. 28 жастағы футболшы жаңа командасында 3-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Оразсахедов Түркменстанда туып, еңбек жолын сол жерде бастаған. Алғашқы кәсіби командасы – ресейлік «Рубин», содан кейін «Нефтехимикке» жалға берілді.

Шабуылшы мансабындағы ең жарқын кезеңді «Османлыспор» клубында өткізді (қазір - «Анкараспор»). Түркиялық клуб сапында 16 матчқа қатысып, 13 гол соқты. Форвард 2016-2018 жылғы маусымда «Ахал» командасында доп тепті (56 матч, 23 гол). 2018-2019 жылдары «Алтын Асар» клубында өнер көрсетті (21 матч, 13 гол).

2019 жылғы маусымда Оразсахедов Қырғызстан чемпионатының үздік сұрмергені болды. Шабуылшы «Дордой» сапында 20 гол соқты.

Содан кейін, тәжікстандық «Истиклол» командасына ауысты (10 матч, 6 гол). Содан бері Вахыт пандемияға байланысты Түркиядан шыға алмады.

Шабуылшы Түркменстан құрамасында 12 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×