«Манчестер Сити» Месси үшін 200 миллион еуро ұсынуға дайын

27.08.2020, 18:42
Шейхтар Чемпиондар лигасын жеңу үшін бәрін жасауға дайын
«Манчестер Сити» Месси үшін 200 миллион еуро ұсынуға дайын

«Манчестер Сити» «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу туралы ұсыныс дайындауда, деп жазады журналист Танкреди Палмери өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, Англия клубының басшылығы аргентиналықтың трансфері үшін шамамен 200 миллион еуро бөлуге дайын екен. Ал Каталониялық клуб Месси үшін 700 миллион еуро көлеміндегі өтемақының толық көлемін талап етпейтіні, бірақ тарихтағы ең қымбат мәмілені жүзеге асыру үшін ойыншыны кем дегенде 223 миллион еуроға сатуға дайын екендігі хабарланды.

Айта кетейік 25 тамызда Месси "Барселона" басшылығына кететінін мәлімдеді. Клуб оны жібергісі келмейді, сондықтан трансфер ұсыныстарынан бас тартады. Месси келісімшартты біржақты бұзу ережесін қолдана отырып, "Барселонадан" тегін кетеді деп күтілуде. Футболшы бұл шешім туралы 30 мамырға дейін хабарлауы керек еді, бірақ шабуылшының адвокаттары пандемияға байланысты маусымның ұзартылғанын басты себеп ретінде айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×