«Манчестер Сити» - ПСЖ: сандар сөйлейді

04.05.2021, 19:07
Финалға бергісіз матч болғалы тұр
«Манчестер Сити» - ПСЖ: сандар сөйлейді

Бүгін түнде "Манчестер Сити" мен "Пари Сен-Жермен" арасындағы Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы қарымта кездесу өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Алғашқы матч қалай аяқталды?

ПСЖ "Парк де Пренс" стадионында "Манчестер Ситиге" 1:2 есебімен есе жіберді. 15-минутта париждік клубтың капитаны Маркиньос бұрыштама добынан кейін қақпаға басымен соққы жасап, есеп ашты. Ал "Сити" бірінші таймда өз өнерлерін көрсете алмады, бірақ үзілістен кейін айтарлықтай күшейе түсті. Кейлор Навастың қателігі Кевин де Брёйненің гол соғуына себепкер болды, содан кейін Рияд Марез айып добынан жеңіс голын соқты. Екінші таймда ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Идрисса Гуйе қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды

Бүгінгі кездесуде Бьорн Кёйперс бастаған Нидерланды елінің төрешілері қызмет етеді

Бүгінгі матчқа шығуы мүмкін құрам:

"Манчестер Сити": Эдерсон; Уокер, Стоунс, Рубен Диаш, Жоао Кансело; Родри, Гюндоган; Марез, де Брёйне, Фоден; Бернарду Силва

ПСЖ: Навас; Флоренци, Маркиньос, Кимпембе, Диалло; Верратти, Паредес; Ди Мария, Неймар, Дракслер; Икарди

Кездесуге қатыспайтын ойыншылар:

"Манчестер Сити": Эрик Гарсия (жарақат)

ПСЖ: Идрисса Гуйе (дисквалификация), Хуан Бернат (жарақат). Колин Дагба мен Килиан Мбаппенің де бүгінгі матчқа қатысуы екіталай

Қос команда жартылай финалға қалай жетті?

«Манчестер Сити»: 10 жеңіс, 1 тең ойын, 0 жеңіліс, 23 гол соқты, 4 гол жіберіп алды

Үздік сұрмерген: Ферран Торрес (4)

Ширек финал: "Боруссия Дортмундты" 4:2 есебімен тізе бүктірді

Плэй-офф: Менхенгладбахтың "Боруссиясын" 4:0 есебімен еш қиыдықсыз жеңді

С тобынде жеңімпаз атанды

ПСЖ: 6 жеңіс, 1 тең ойын, 4 жеңіліс, 21 гол соқты, 12 гол жіберіп алды

Үздік сұрмерген: Килиан Мбаппе (8)

Ширек финал: "Бавариямен" 3:3 есебімен тең ойнады, бірақ қонақтағы голдың арқасында келесі кезеңге шықты.

Плэй-офф: "Барселонадан" 5:2 есебімен айласын асырды

Н тобында жеңімпаз атанды

Қарсыластардың формасы:

"Манчестер Сити" соңғы алты матчта бір мәрте жеңілді. Соңғы ойында "Кристал Пэласты" 0:2 есебімен жеңді (1 мамыр).

Қазіргі позициясы: АПЛ-да 1 орын, Лига кубогінің иегері

ПСЖ соңғы алты матчтың екеуінде жеңіліс тапты. Соңғы кездесуінде "Ланс" командасынан 2:1 есебімен басым түсті (1 мамыр).

Қазіргі позициясы: Франция чемпионатында 2-орын, Франция кубогінің жартылай финалына шықты

Команданың бапкерлері не дейді?

"Манчестер Ситидің" бапкері Хосеп Гвардиола: "Бізге бірінші ойындағыдай қауіп төніп тұр. ПСЖ ойын схемасын өзгерте алады. Оның өте ақылды бапкері бар, париждіктердің не істейтінін білмеймін. Финалға шығуға деген ұмтылыстың болатыны түсінікті, өйткені біз бұл кезеңге ешқашан жетпегенбіз. Біз өзімізге назар аударуымыз керек, қарсыластың ойынын бірге оқып, қиындықтарды бірге жеңуіміз керек. Біз қарсыласқа өз ойынымызды көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Қорғаныста жақсы ойнап, мүмкіндік болса гол соғуға тырысамыз.

ПСЖ клубының бас бапкері Маурисио Почеттино: "Футболда өзіңе деген сенімділік өте маңызды. Англияда біз жеңіске жету үшін гол соғуға тырысамыз. Әрине, командаға қысым жасалып жатыр. Бірақ біздің спортта уақытынан бұрын берілуге болмайды.

Килианның жағдайын тағы бір тексеріп аламыз. Ол жеке өзі бөлек жаттығу жасайды. Кешке қарай оның алаңға шығу шықпасы белгілі болады. Біздің құрамымызда футболшылар жетерлік. Қойылған мақсатты орындай алатын шеберлер де жоқ емес. Агрессивті ойнап, қарсыласқа доп бермеуге тырысамыз".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×