Шпилевский: «Біздің ойынға қосқан үлесіміз нәтижеге сәйкес келмейді»

04.05.2021, 21:09
«Қайраттан» ұпай алу ортаңқол командаларға қиынға соқпауда.
Шпилевский: «Біздің ойынға қосқан үлесіміз нәтижеге сәйкес келмейді»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Қызыл-Жарға» (1:1) қарсы өткен матч туралы пікір білдірді.

- Біз бәріміз қатты ренжідік, тағы да екі ұпайдан айырылдық. Жігіттер шынымен де жеңгісі келді, бұл олардың допсыз жүрген кездегі және допты жоғалтқаннан кейінгі жасаған әрекеттерінен байқалды. Біз команда ретінде әрекет етіп, қателіктер жібермеуге тырыстық. Біз тағы да бүкіл команда болып өз айып алаңында қорғанатын қарсыласқа тап болдық. Осындай қорғанысты бұзу футболдағы ең қиын нәрсе болып табылады. Осы тұста жіберген қателерімізді есептемегеннің өзінде, біздің жүз пайыдық гол соғатын және осы ойында жеңіске жететін мүмкіндігіміз болды. Қарсыластың жалғыз қауіпті стандартында жеке қателік жібергеніміз ұят. Өкінішке орай, біздің ойынға қосқан үлесіміз нәтижеге сәйкес келмейді. Бұған дейінгі матчтарда да осындай мәселеге ұрынған едік. Ойыншылар аянбай еңбек етіп, тек өздеріне сенуі керек. Өзімізге тек өзіміз ғана көмектесе аламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×