Алексей Бага «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

04.05.2021, 21:27
«Ақтөбе» Баганың басшылығымен 9 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті, үш мәрте тең ойнады.
Алексей Бага «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбенің" бас бапкері Алексей Бага жақын уақытта командадан кетуі мүмкін.

Белоруссиялық маманның басшылығымен "Ақтөбе" маусымды жақсы бастағанымен, соңғы төрт матчтың бәрінде жеңіліске ұшырады. Басшылық бапкердің алдына нақты міндет қойды. Яғни, команда "Жетісу" және "Қайсармен" болатын матчта алты ұпай алу қажет

Клуб басшылығы жаңа бас бапкер іздеуді бастап кетті. Бага алты ұпай жинағанның өзінде, екінші айналымға дейін қалуы екіталай.

Ал инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметіне сүйенсек, Баганың "Ақтөбеден" кететіні туралы нақты шешім шығып қойған. Бага команданың сәтсіз ойынына басты кінәлі адам деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×