Антонио Рукавина: «Клубтың мақсаты айқын: Бізге чемпиондық атақ керек!»

04.05.2021 16:55 ҚПЛ

Рукавина осы маусымның соңында футболшы ретіндегі мансабын аяқтайды.

Антонио Рукавина: «Клубтың мақсаты айқын: Бізге чемпиондық атақ керек!»

«Астана» қорғаушысы Антонио Рукавина ойыншы мансабын аяқтайтынын айтып, команданың осы маусымдағы мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды Sportklub.rs.

- Сіз ойыншы мансабыңызды аяқтайды деген ақпарат қаншалықты рас?

- Иә, бұл рас ақпарат. Дегенмен әлі, шамамен, 6 ай ойнаймын.

- Неліктен «Астана» өткен маусымда чемпиондық атаққа ие бола алмады?

- Мен қазіргі чемпионның атақ-абыройына, олардың ел біріншілігіндегі жеңісіне қатысты ештеңе айта алмаймын, дегенмен келесі нәрсені атап өткен жөн: барлық матчтар Алматы қаласында өтті. Бұл «Қайрат» үшін өте қолайлы болғанымен, қалғандары үшін оңай болмады. Қазір матчтар әдеттегі жүйе бойынша өткізіліп жатыр, яғни біз үйде де, сырт алаңда да ойнаймыз. Осы орайда чемпионаттағы жағдай да басқаша. 

9 турдан кейінгі кестені қарап көріңіз. Әзірге біз үшін бәрі жоспар бойынша келеді. Болашақта бұл жалғаса бере ме? Жалғасады деп сенемін, алайда мені біздің қосалқы құрамдағы ойыншылардың аздығы алаңдатады. Дегенмен, бақытымызға орай, бұл чемпионатқа қатты әсер етіп жатқан жоқ.

- Премьер-Лиганың 9-шы туры аясында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойынға баға беріп, команданың маусымдағы мақсаттары туралы айтып берсеңіз.

– Қалай болғанда да, «Астана» сырт алаңда 3 ұпай иеленіп, лайықты жеңіске жетті. Күнтізбе өте тығыз, матчтар әр 3-4 күн сайын өтіп жатыр... Клубтың мақсаты айқын: бізге чемпиондық атақ керек! Маусымның соңында, 30 қазан күні, ойыншы мансабымды аяқтаған сәтте бұдан артық не керек? Мені Белградтан бұрынғы командаласым, қақпашы Эрич қолдап отырады. Ол мансабын аяқтаса да, «Астананың» жанкүйері болып қала береді.

0 пікір