«Манчестер Сити» қорғаушысы «Челсиге» ауысуы мүмкін

09.08.2020, 19:40
«Челси» осы маусымда 55 матчта 79 гол жіберіп алды.
«Манчестер Сити» қорғаушысы «Челсиге» ауысуы мүмкін

«Челси» футбол клубы «Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунзды сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Mirror.

Лондондық клуб қорғаныс шебін нығайтуды басты назарда ұстап отыр. Сол үшін бәсекеге қабілетті орталық қорғаушы сатып алуға ниетті. 

26 жастағы Стоунз Хосеп Гвардиоланың сенімінен шығып қалды. Англия құрамасының қорғаушысы алдағы уақытта «Сити» сапында негізгі құрамда ойнай алмауы мүмкін. Себебі "Манчестер Сити" жақында Натан Акені сатып алған болатын.

Айта кетейік, "қалалықтар" Стоунзды 2016 жылы жазда 47 миллион фунтқа сатып алған. Бірақ «Челси» қорғаушы үшін тек 20 миллион фунт ұсынып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×