«Манчестер Юнайтед»- «Барселона» кездесуі Мессисіз өтеді

26.07.2011, 22:32
«Манчестер Юнайтед»- «Барселона» кездесуі Мессисіз өтеді
Әлемнің үздік ойыншысы Лионель Месси «Барселонамен» бірге АҚШ-та өтетін оқу –жаттығу сапарына бармайтын болды. Испаниялық клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиола Америка кубогіне катысқан ойыншылардың бірнешеуіне демалыс бергенді жөн көріпті. Бұл тізімде Мессиден бөлек команданың су жаңа ойыншысы Колумбиялық Алексис Санчес, Аргентиналық жартылай қорғаушы Хавьер Маскерано және Бразилия құрамасының қорғаушысы Даниэл Алвес бар. 28 –шілдеде басталатын АҚШ-қа сапары барысында «Барселона» соңғы чемпиондар лигасының финалында 3-1 есебімен ұтқан ағылшындық «Манчестер Юнайтедпен» және мексикалык «Гвадалахара» мен «Америка» командаларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×