«Манчестер Юнайтед» ең қымбат спорттық бренд атанды

06.10.2011, 22:15
«Манчестер Юнайтед» ең қымбат спорттық бренд атанды
ЛОНДОН. Қыркүйектің 26-сы. BNews.kz - «Манчестер Юнайтед» футболь клубы әлемдегі ең қымбат спорттық бренд атанды. Бұл туралы Лента.ру Brand Finance агенттігінің жүргізген зерттеуіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Зерттеуге сәйкес, «Манчестер Юнайтед» брендінің құны 2005 жылдан 2011 жылға дейін 109% өсіп, 412 млн фунт стерлингке жетті. Brand Finance бренд құнының өсуін оның иелері – Глейзер отбасының сәтті саясатымен байланыстырады. 2011 жылы клубтың жылдық табысы рекордтық сомма 110 млн фунтке жетті. Клуб әлемге әйгілі брендтермен 20-дан астам шарт жасасты, оның ішінде Nike, Aon, Audi және DHL бар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×