ҚҰРАМАДА ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨП ОЙНАМАЙДЫ?

06.10.2011, 22:43
ҚҰРАМАДА ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨП ОЙНАМАЙДЫ?

Қазақстан құрамасының ойыншылары 26 қыркүйекте Алматыда бас қоспақ. Сол күннен дайындық бастайды. Алда – екі ойын. Қазанның 7-і күні Бельгияда сол елдің құрамасымен кездеседі. Төрт күннен кейін өз жерімізде Австрияны қонақ етпек. Қанша ұпай аламыз? Әуелі Құдай біледі. Сосын Беранек мырза.

Айтпағымыз бұл емес біздің. Құрама сапына көз салып отыр. Қаракөз бауырлар саны аз. Қазақты айтам. Біз доп тебе алмаймыз ба сонда? Бұрын "Қайраттың" сапында бір-екілі қазақты көрдік. Олардың өзі негізгі құрамнан орын алмайтын. Армандайтын едік бала болсақ та. Қазақ толы команда болса деп. Сол арманға әлі күнге жете алмай келеміз. Жиырма жыл өтті ғой. Қазақ елінің командалары сырттан футболшы алуға үйір. Ал қазақ баласына кім қамқорлық жасамақ?

Көршілерге көз саламыз. Алдымен өз-ағамыз өзбекті алайық. Ала тақиялы ағайындар ала допты шыр үйіреді. Әзірбайжан ұлты да солай. Армян, грузин, латыш, эстон да өз баласын өгей көрмейді. Жасыл алаң төрінде солар көзге түссін дейді. Біз ше? Қазақты есіктен ендіргіміз келмейді. Сосын олар қайда барып доп теппек?

Ұлттық құраманың басшылық құрамына көз салыңыз сосын... Бірде-бір қазақ жоқ. Сонда Қазақстан құрамасы қай елдің намысын қорғап жүр? Шетелге барғанда құрамадағы адамдарға қарап қазақ осы екен деп ой түйетін шығар. Біреулер "қазақ футбол ойнай алмайды" деп тон пішкенін құлақ естіген. Ойындарда санаулы қаракөздің жанын салып ойнап жүргенін көреміз.Ұлан Қонысбаевты қазір мақтаймыз. Жамбыл Көкеев ше? Тізе берсең, олардың саны көп. Қалғаны селсоқ. "Ойын қашан аяқталады?" деп ойлап жүре ме, қайдам?

Бұл туралы талай айтылды. "Айқайлай-айқайлай қасқырдан да ұят болды" деуші еді қазақ. Айта-айта біз де ұяламыз. Қашанға дейін енді?..

Әділжан Үмбет

http://baq.kz/kaz/blogs/cat/126/895

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×