«Манчестер Юнайтед» Хакан Чалханоглуға қызығушылық танытуда

29.10.2020, 04:05
Футболшы жазда еркін агент агент атанады.
«Манчестер Юнайтед» Хакан Чалханоглуға қызығушылық танытуда

"Манчестер Юнайтед" "Миланның" түркиялық жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Daily Mail La Gazzetta dello Sport-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубы жазда еркін агент бола алатын футболшыға бес жылдық келісімшарт ұсынуға дайын. Чалханоглу келісімнің қаржылық жағына қанағаттанбағандықтан, "Миланның" келісімшартты ұзарту туралы ұсынысын қабылдамады.

Чалханоглу "Миланға" 2017 жылдың жазында "Байерден" ауысқан болатын. Трансфер сомасы 23,3 миллион еуроны құрады. Осы маусымда 26 жастағы жартылай қорғаушы Италия чемпионатының бес матчына қатысты (төртеуі - негізгі құрамда), бір нәтижелі пастың авторы атанып, бір сары қағаз алды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×