«Жетісу» клубының осы жылғы бюджеті белгілі болды

29.10.2020, 14:40
Үшінші орында тұрған «Ордабасыдан» сегіз ұпайға артта қалып келеді.
«Жетісу» клубының осы жылғы бюджеті белгілі болды

Биылғы маусымның қорытындысы бойынша "Жетісу" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орынды иеленуі керек, деп хабарлады Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сонымен қатар, клубтың биылғы бюджеті белгілі болды.

"Қазіргі уақытта "Жетісу" футбол клубы 19 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында келе жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл "Жетісу" футбол командасына маусымды үшінші орынмен аяқтау тапсырмасы жүктелді", - деп хабарлады облыстық спорт басқармасы.

Клубтың бюджеті туралы олар былай хабарлады:

"Жетісу" кәсіби футбол клубының 2020 жылғы бюджеті 3 миллиард 186 миллион 579 мың теңгені құрайды".

"Жетісу" қазір үшінші орында тұрған командадан сегіз ұпайға артта қалып келеді. 15 турдан кейін екінші және үшінші орындарды 27 ұпайдан иеленген "Астана" мен "Ордабасы" өзара бөлісіп тұр. "Жетісудың" алдында "Тобыл" (23 ұпай) мен "Қайсар" (20 ұпай) тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×