«Манчестер Юнайтед» Регилонның орнына бразилиялық қорғаушыны сатып алмақшы

19.09.2020 13:23 АПЛ

Регилон керемет ойыншы еді.

«Манчестер Юнайтед» Регилонның орнына бразилиялық қорғаушыны сатып алмақшы

«Манчестер Юнайтед» «Порту» қорғаушысы Алекс Теллеспен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Daily Mail.

Бразилиялық футболшы "манкуньяндықтармен" бес жылдық келісімшартқа отырмақшы. Бірақ клубтар ойыншының трансфер құны жайлы әлі келіскен жоқ.

Одан бөлек, «Пари Сен-Жермен» де «Портуға» 27 жасар ойыншыны сатып алу туралы ұсыныс жасауды ойластыруда. Теллестің Портумен келісімі 2021 жылдың маусымына дейін жарамды.

Еске салайық, «Манчестер Юнайтед» «Реалдың» қорғаушысы Серхио Регилон үшін 30 миллион еуро ұсынған, бірақ ойыншы "Тоттенхэмге" ауысуға жақын. Лондондық клубқа ауысу үшін Регилон Мадридте медициналық тексерістен өтіп жатыр.

0 пікір