«Реал Мадрид» Гарет Бэйлді «Тоттенхэмге» беру арқылы қандай пайда көреді?

19.09.2020, 20:57
«Реал» тапқан 10 миллионды Бэйлдің жалақысына төлейін деп тұр.
«Реал Мадрид» Гарет Бэйлді «Тоттенхэмге» беру арқылы қандай пайда көреді?

«Реал Мадридтің» Гарет Бэйлді «Тоттенхэмге» жалға бергені үшін қанша табыс табатыны белгілі болды.

Лондондық клуб футболшыны бір маусымға жалға алмақшы. Форвардтың жалақысының бір бөлігін Мадридтің «Реалы» төлейді. Дәлірек айтқанда, Гарет Бэйлдің қазіргі жалақысы аптасына 650 мың еуроны құрайды. Оның тек 240 мың еуросын "Тоттенхэм" төлеуге әзір.

«Тоттенхэм» Гарет Бэйлді бір жылға құрамына қосу үшін 10 миллион еуроға шығындалады.

Еске сала кетейік, Бэйл бұған дейін «Тоттенхэм» сапында 2007-2013 жылдар аралығында ойнаған.

31 жастағы Бэйл «Реал» сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Ол клуб сапында 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пас берген. Жалпы, корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×