«Тараз» қақпасына тағайындалған пенальти «Жетісуға» жеңіс әкелді

19.09.2020, 22:50
«Тараз» қақпасына тағайындалған пенальти «Жетісуға» жеңіс әкелді

"Тараз" футбол клубы Премьер-лиганың 9-турында Талдықорғандық "Жетісуға" есе жіберді.

Кездесу Ұлттық құраманың Талғардағы базасында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 13-минутында "Тараз" қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді. "Жетісу" шабуылшысы Эуженио пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. 40-минутта Шкодра тағы да пенальтиден гол соғып, есепті еселеді.

Бұл жеңістен кейін Дмитрий Огай шәкірттері 13 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ал "Тараз" 7 ұпаймен 8-орында қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×