«Манчестер Юнайтед» Сульшерді қызметінен босатуды жоспарлауда

11.10.2020, 15:53
Үш турда үш ұпай жинаған «МЮ» 16-орында тұр
«Манчестер Юнайтед» Сульшерді қызметінен босатуды жоспарлауда

«Манчестер Юнайтед» клубының бас атқарушы директоры Эд Вудворд бас бапкер Оле Гуннар Сульшерді қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, егер клубтағы жағдай өзгермесе, Вудворд Сульшерді "Манчестер Юнайтедтің" аңызы болғанына қарамастан жұмыстан шығаруы ғажап емес.

Сульшер кеткен жағдайда бұл лауазымға басты үміткер - «Тоттенхэмнің» бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино. Сульшер 2018 жылдан бастап Жозе Моуриньоның орнына «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырып келеді.

Почеттино "Тоттенхэмді" 2014 жылдан 2019 жылға дейін баптаған және бұрын "Саутгемптон" мен "Эспаньолды" жаттықтырған. Аргентиналық маман «Тоттенхэммен» бірге Англия лигасы кубогы мен Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Англия чемпионатының үш турынан кейін «Манчестер Юнайтед» 3 ұпаймен турнир кестесінде 16-орында тұр. Келесі турда команда "Ньюкаслмен" кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×