«Манчестер Юнайтед» түркиялық футболшыға көз тікті

28.11.2020, 03:33
Кеше «Лилльге» қарсы матчта Хакан командасына бір ұпай сыйлаған еді.
«Манчестер Юнайтед» түркиялық футболшыға көз тікті

"Миланның" жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

Журналист Кристиан Фальк берген ақпаратқа сілтеме жасаған sempremilan.com сайтының хабарлауынша, келесі жазда түрік футболшысы "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін. Трансфер ықтималдығы 90%-ды құрайды. Сонымен бірге "қызыл сойқандар" Хаканды тегін алады, өйткені маусым соңында оның келісімшарты аяқталады.

Бұған дейін Чалханоглудың қызметіне "Атлетико" мен "Ювентустың" қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Футболшы "Милан" сапында 2017 жылдан бері ойнайды, оған дейін "Байер", "Гамбург" және "Карлсруэ" клубтарының намысын қорғады.

Осы маусымда 26 жастағы жартылай қорғаушы А сериясының 8 матчына қатысып, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×