Аргентина лигасына Диего Марадонаның есімі берілді

28.11.2020, 03:00
Бұл турнирдің тұсауы осы жылы кесілген болатын.
Аргентина лигасына Диего Марадонаның есімі берілді

Аргентина лигасының кубогы енді жаңа атқа ие болады. Ұйымдастырушылар турнирді 25 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Диего Марадонаның құрметіне атауға шешім қабылдады.

Енді турнир Copa Diego Armando Maradona деп аталады. 2020 жылы турнир алғаш рет ұйымдастырылды. Ол Аргентина чемпионатындағы жаңа маусымның басталуына байланысты құрылды. Жарысқа әрқайсысы төрт қатысушыдан алты топқа бөлінген 24 команда қатысты.

Марадонаның өлімі 25 қарашада белгілі болды. Аты аңызға айналған футболшы жүрегі тоқтағаннан кейін қайтыс болды деп хабарланды.

11 қарашада Марадона ауруханадан шығарылған болатын. Бұрынғы футболшыға субдуральды гематома операциясы жасалды. Шығарылғаннан кейін Марадона алкогольге тәуелділіктен емделу үшін клиникаға жеткізілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×