«Манчестер Юнайтедтің» экс-шабуылшысы: «Рэшфорд әлемдік деңгейдегі бомбардир емес»

13.12.2020, 03:29
Рэшфорд Премьер-лиганың ағымдағы маусымында үш гол соқты.
«Манчестер Юнайтедтің» экс-шабуылшысы: «Рэшфорд әлемдік деңгейдегі бомбардир емес»

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Луи Саа Англиялық клубтың қазіргі шабуылшысы Маркус Рэшфорд туралы ойымен бөлісті.

«Рэшфорд - әлемдік деңгейдегі шабуылшы, бірақ әлі де әлемдік деңгейдегі бомбардир емес. Маркус көп нәрсеге қабілетті. Ол қажет болған кезде қорғаныста ойнауға дайын, белсенді түрде шабуыл жасап, өздігінен мүмкіндік жасай алады және айып добынан гол соға алады. Керемет шабуылшы.

Бомбардир - бұл басқа бір аң сияқты. Бомбардирдің жүзінен оның әрдайым гол салғысы келетіндігі көрінеді. Ол әрдайым тек гол соғатын позицияны табуға тырысады. Сұрмергендер «әдемі көріністі» іздемейді, оларың түрі қаһарлы болып көрінуі керек. Рэшфордтың осы қасиеттерді дамытуға мүмкіндігі бар», - дейді Саа Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×