«Манчестер Юнайтедтің» трансферлік тізімінде 8 ойыншы бар

28.07.2020, 21:52
Ішіндегі 3 ойыншыны алса да жеткілікті болайын деп тұр.
«Манчестер Юнайтедтің» трансферлік тізімінде 8 ойыншы бар

«Манчестер Юнайтед» осы трансферлік терезеде жаппай ойыншы сатып алуды жоспарлауда. «Қызыл сойқандардың» алғысы келетін футболшылар тізіміне сегіз ойыншы енді, деп хабарлайды Goal.

Қорғаушылар: Калиду Кулибали ("Наполи"), Тайрон Мингс ("Астон Вилла"), Натан Аке ("Борнмут");

Жартылай қорғаушылар: Донни ван де Бек ("Аякс"), Джек Грилиш ("Астон Вилла"), Джейдон Санчо ("Боруссия Дортмунд");

Шабуылшылар: Мусса Дембеле ("Лион"), Харри Кейн ("Тоттенхэм").

2019/2020 маусымының соңында алты ойыншы «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін: жартылай қорғаушылар Джесси Лингард пен Андреас Перейра, қорғаушылар Фил Джонс, Крис Смоллинг және Маркос Рохо, шабуылшы Алексис Санчес.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Боруссия» "Манчестер Юнайтедке" Санчоны 98 миллион еуроға сатудан бас тартқаны туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×