Соңғы 5 жылда трансферлік құны қымбаттаған футболшылар

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
28.07.2020, 21:18
Бұл тізімде бірінші орында тұрған футболшының бағасы 10 есеге қымбаттаған.
Соңғы 5 жылда трансферлік құны қымбаттаған футболшылар

Соңғы жылдары біз клубтардың ақылға қонымсыз трансферімен таң қалдыратынына үйреніп қалдық. Төменде соңғы бес жылда трансферлік құны қатты көтерілген 10 футболшы келтірілген. Назар аударыңыз: тізімге бес жыл бұрын ересектер футболында дебют жасаған адамдар ғана кіреді, сондықтан Мбаппе, Холланд секілді ойыншылар қосылмаған.

Алиссон Беккер


Жасы: 27 жаста

Қазіргі клуб: "Ливерпуль"

2015 жылғы құны: 2,5 миллион еуро

Қазіргі құны: 90 миллион еуро

Соңғы жылдары «Ливерпуль» қақпашы жағынан көп қиындық көрді: Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадридпен» өткен матчта, Кариус өрескел қателіктер жіберді. Бұл қателіктің арқасында Клопп командасы қажетті олжаны жоғалтты. Осыдан кейін басшылық шұғыл түрде жаңа қақпашыны іздей бастады және «Рома» клубындағы Алиссонға көз тікті.

Алисон "Ромада" өзінің алғашқы маусымын Войцех Щенсныйдың орнына екінші қақпашы ретінде өткізді, ал Войцех «Ювентусқа» ауысқаннан кейін Беккер римдіктердің алғашқы нөміріне айналды.

Алиссон жоғары деңгейде ойын көрсете алды және командаға сенімділік сыйлады. 2017/18 маусымда римдіктер Италия чемпионатының кестесінде үшінші орынға тұрақтап, бразилиялықты Италиядағы ең үздік қақпашы деп атады. 2018 жылдың жазында «Ливерпуль» бразилиялық қақпашыға 72,5 миллион еуро төлеп, оны әлемдегі ең қымбат қақпашы етті. Одан кейін Алиссон "Ливерпульмен" бірге Чемпиондар лигасын, Англия Премьер-Лигасын жеңіп алды.

9. Вирджил ван Дейк


Жасы: 28 жаста

Қазіргі клуб: "Ливерпуль"

2015 жылғы құны: 10 миллион еуро

Қазіргі құны: 100 миллион еуро

Мүмкін осы тізімдегі ең прогрессивті ойыншы Вирджил шығар. Ван Дейк өте жоғары сапалы, жан-жақты және ең бастысы, нақты позицияны дәл таңдайтын сенімді қорғаушыға айналды. Голландиялық жігіттің «Ballon d'Or» үшін күресте артықшылық алғаны кездейсоқ емес, бірақ Месси болған кезде жарыста жеңіске жету мүмкін емес сияқты.

Вирджил Англияға 2015 жылы "Саутгемптон" алған кезде келген. Қорғаушы «Саутгемптон» үшін 64 ойын өткізді, төрт гол соқты. 3 жылдан кейін Ван Дейк басқа ағылшын клубына - "Ливерпульге" ауысады. Бұл трансфер қорғаушылар арасындағы ең қымбат ауысым болды, Вирджил Клопп командасына 75 миллион фунт стерлингке түсті. Келесі маусымда "Ливерпуль" Чемпиондар Лигасын жеңіп, Премьер-Лиганы екінші орында аяқтады, бір маусымда бір ғана жеңіліске ұшырап, "Манчестер Ситиге" қарсы күресте титулынан айырылды.

Маусым бойы Ван Дейк өзін "Ливерпуль" қорғанысында негізгі ойыншы ретінде көрсетті және қазір команданың ажырамас ойыншысы болып табылады. Ван Дейк өз клубының ғана емес, ұлттық құраманың да көшбасшысы. Онымен бірге Вирджил өткен жылдың наурыз айында Ұлттар лигасында күміс жүлдеге ие болды.

8. Лерой Сане


Жасы: 24 жаста

Қазіргі клуб: "Бавария"

2015 жылғы құны: 8 миллион еуро

Қазіргі құны: 100 миллион еуро

2014 жылы наурызда Сане «Шальке» клубымен кәсіби келісімшартқа қол қойды, ал бір айдан кейін ол Германия клубының негізгі командасында дебют жасады. "Шальке" үшін Лерой 47 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Сане өзінің керемет ойынымен "Манчестердің" назарын аударды, ол кейіннен осы клубқа ауысып келді. «Ман Сити» бұл ойыншы үшін 55 миллион еуро төлеп, оны тарихтағы ең қымбат Германиялық ойыншы қылған еді. Санеге деген қызығушылық соншалықты жоғары болды, сондықтан «қала тұрғындары» оған үш жылда 28 миллион еуро жалақы төлейміз деп уәде берді.

2017/18 маусымда «Ситимен» ол Англия чемпионы атанып, Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы деп танылды. Дегенмен Лерой Ресейдегі Әлем кубогына бармады - соңғы сәтте бас жаттықтырушы ойыншыны құрамға шақырмау туралы шешім қабылдаған екен.

7. Ян Облак


Жасы: 27 жаста

Қазіргі клуб: "Атлетико Мадрид"

2015 жылғы құны: 7 миллион еуро

Қазіргі құны: 100 миллион еуро

Премьер-лигада ойнамайтын тізімдегі бірінші және жалғыз ойыншы. Ян Облак Португалияда жоғары деңгейде ойнай бастады. "Бенфика" жас жігіттің әлеуетін байқап, қақпашыны өз командасына шақырды. Біраз уақыт тәжірибелі бразилиялық қақпашы Жулио Сезардан тәжірибе алып, негізгі қақпашы болуға мүмкіндігі болмады, сондықтан португалдықтар бірден Облакты жалға жіберді. Жалдан қайта оралғаннан кейін, Облак "Бенфика" үшін 19 матч өткізді, олардың жетеуінде гол жібермеді.

Португалдықтар үшін сенімді ойыннан кейін, "Атлетико Мадрид" қақпашыға жақсы ақша ұсынып, словениялықты қызықтырды. "Бенфиканың" футболшыны сатқысы келмегеніне қарамастан, Облак бұл ұсынысты қабылдады.

Белгілі болғандай, Испанияға көшу қақпашының арманы болған екен. Мұнда ол өзінің «матрасшылар» құрамына ауысуы туралы былай түсіндірді:

"Мен кішкентай кезімнен Ла Лигада ойнауды армандадым. Бұл менің алдымда тұрған жаңа міндет. "Бенфика" менің қалғанымды қалады, ал президент мені ұстап қалу үшін барын салды, бірақ мен «Атлетикоға» барғым келді".

Ян Облак әлі де «Атлетиконың» тұрақты қақпашысы. Ол қазір әлемдегі ең мықты қақпашылардың бірі болып саналады.

6. Н'Голо Канте


Жасы: 28 жаста

Қазіргі клуб: "Челси"

2015 жылғы құны: 4,5 миллион еуро

Қазіргі құны: 100 миллион евро

Канте «Челсиді» «Лестерде» өткізген керемет ойынының арқасында қызықтыра алды. Сол маусымда Канте өзінің клубы сияқты чемпионаттың басты ашылуына айналды. «Лестер» құрамында Канте Джейми Варди және Рияд Марезбен бірге сөзсіз көшбасшы болды. Осы үштіктің арқасында Клаудио Раньеридің командасы сенсациялық түрде үздік команда атағын жеңіп алды.

Н'голо 2016 жылдың 16 шілдесінде 35 миллион фунт стерлингке «Челсиге» көшті. Келісімшарт бес жылға жасалды. Кантенің өзі «ақсүйектер» құрамына қосылғаннан кейін:

«Мен Еуропаның үздік клубтарының бірінде ойнағаным үшін өте қуаныштымын, арманым орындалды. Антонио Конте және әлемдегі ең жақсы футболшылармен жұмыс істеу мүмкіндігі жібергім келмеді», - деп айтты.

Лондондық команданың құрамында бірінші маусымда Канте екінші рет чемпионатты жеңіп алды және футболшылар мен спорт журналистерінің пікірінше маусымның үздік ойыншысы деп танылды. Келесі маусым "Челси" үшін сәтті болмағанымен, нәтижелері бойынша Канте тағы да командадағы ең үздік ойыншы деп танылды.

5. Кевин Де Брюйне


Жасы: 28 жаста

Қазіргі клуб: "Манчестер Сити"

2015 жылғы құны: 45 миллион еуро

Қазіргі құны: 150 миллион еуро

Бельгиялық өзінің мансабын Премьер-лигада бастауға бірнеше рет тырысты. Бірінші рет нәтиже бермеді - 2012 жылы Кевин "Челсиге" Генк қаласынан көшіп келді, онда ол өзінің кәсіби мансабын бастады. "Челсидің" бір бөлігі ретінде Де Брюйне бастапқыда сенімді ойыншы бола алмады және өзінің формасын жоғалтпау үшін Кевин "Вердерге" ауысты. Германияда төрт маусым ойнағаннан кейін - алдымен "Вердерде", содан кейін "Вольфсбургте" ойнаған Де Брюйне Англияға оралды. Бундеслигада жартылай қорғаушы 85 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 23 рет гол соққан.

"Манчестер Ситиде" Кевин шынымен ашыла алды. Гвардиола бельгиялық талантқа сенеді және команданың тұрақты ойыншысы болып табылады. Бұған дәлел бар. Кез-келген матчта Де Брюйне алаңда өз дегенін жасап, командаға маңызды ұпайларды әкелді.

4. Рахим Стерлинг


Жасы: 25 жаста

Қазіргі клуб: "Манчестер Сити"

2015 жылғы құны: 40 миллион еуро

Қазіргі құны: 160 миллион еуро

Рахимнің мансабы "Ливерпульде" басталды. 17 жасында ол кәсіби дебютін жасап, клубтың ең жас ойыншыларының бірі болды. Жартылай қорғаушының ойыны тек бапкер мен жанкүйерлерді ғана емес, мамандарды да таңдандырды. Бірақ, өкінішке орай, бірнеше жылдан кейін Стерлингті қызылдардың қарсыласы "Ман Сити" сатып алды. Ол үшін «Ливерпуль» 49 миллион еуро алды.

Гвардиоланың арқасында вингер жылдам әрі техникалық ойыншы ғана емес, сонымен бірге нәтижелі ойыншыға айналды. Өткен маусымда Стерлинг 61 матчта 31 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді, ал «гол + пас» жүйесі бойынша Премьер-лигада ол тек Агуэро, Салах және Азардан ұтылды.

Стерлинг «Ситиге» қатарынан екі лига титулын жеңіп алуға көмектесті, ал Рахим Агуэродан кейінгі команданың үздік сұрмергені атанды. Вингердің клубта және ұлттық құрамада қатарынан екінші маусымда 20-дан астам голы және 10 голдық пасы бар. Жалпы, Рахим «қала тұрғындары» үшін 153 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 59 гол соққан.

3. Харри Кейн


Жасы: 26 жаста

Қазіргі клуб: "Тоттенхэм"

2015 жылғы құны: 25 миллион еуро

Қазіргі құны: 150 миллион еуро

Харри Кейн - "Тоттенхэм" академиясының түлегі. 2009/10 маусымда Кейн «Тоттенхэм» жастар командасының құрамында 22 матчқа қатысып, 18 гол соқты. Жас жігіттің таңғажайып статистикасы! Бірінші командаға түсу талантқа қиын болды, ал орындықта отырмас үшін клуб оны Чемпионшип командасына жалға берді. Екі жыл төменгі деңгейдегі турнирде ойнағаннан кейін Харри Премьер-лигаға, бұл жолы "Норвичке" барды. Кейн бұл ауысымды сәтті трансфер ретінде айта алмайды, өйткені Кейн бірнеше жарақаттар алып қалды, бұл оның құрамға енуіне кедергі болды, сондықтан 2013 жылы оны «Тоттенхэм» командаға қайта шақырды.

«Тоттенхэм» шабуылшысының жеңіп алған титулы жоқ, бірақ соған қарамастан ол соңғы Чемпиондар лигасының финалисті болып табылады.

2. Мохаммед Салах


Жасы: 26 жаста

Қазіргі клуб: "Ливерпуль"

2015 жылғы құны: 18 миллион еуро

Қазіргі құны: 150 миллион еуро

Біздің жоғарыдағы алғашқы екі орынды «Ливерпуль» ойыншылары иемденуі кездейсоқ емес. Клопптың шәкірттері екінші маусымды ең жоғары деңгейде өткізді.

Мохамед Салах - Египеттің «Мокавлун» клубының түлегі, ол 2010 жылы дебют жасаған. Бір жылдан кейін ол Египет клубының негізгі ойыншысына айналды. Онда ол жоғары нәтижелерге қол жеткізді және еуропалық командаларды қызықтырды.

2012 жылы Салах Швейцариялық "Базельмен" келісімшартқа отырды. Мохамед Швейцарияға тез бейімделіп, Еуропада алғашқы жылын өткізді. Ол "Базельде" тек бір жарым жыл ойнағанымен, тоғыз гол соғып үлгерді. Клубпен бірге ел чемпионы атанды.

"Базельдегі" сенімді маусымнан кейін мысырлық ойыншы Англияға көшеді. Бұл сәтті трансфер деп айту қиын. «Челсиге» қосылғаннан бері ол небәрі 13 ойынға қатысып, көбінесе қосалқы құрамда қалып, екі гол соқты. Мо Салахқа тәжірибе қажет болды, сондықтан ол жалға кетті.

Бірнеше жыл жалда ойнағаннан кейін Салах "Ромаға" ауысты. Салахтың құны 15 миллион еуроны құрады. Келесі екі маусымда Мо Салах керемет деңгейде ойнады. Италияда мысырлық «Челсиде» жетіспейтін барлық нәрсені алды: бапкердің сенімі және жанкүйерлердің қолдауы. Әрине, бұл Салахқа қосымша серпін берді. 2017 жылдың жазында «Ливерпуль» Мохамед Салахпен келісімшартқа отырады. Трансфер құны 42 миллион еуроны құрады.

Алғашқы маусымда ол Премьер-лиганың 36 матчында 32 гол соғып, топ жарды. Мо Салахтың жетістігі бағаланды, ол чемпионаттағы маусымның үздік ойыншысы атанды. Салах келесі маусымды да жоғары деңгейде өткізді. Бұл жолы соғылған голдар аз болды, бірақ бұл мысырлықтың чемпионаттың үздік сұрмерген атануына кедергі болмады.

1. Садио Мане


Жасы: 27 жаста

Қазіргі клуб: "Ливерпуль"

2015 жылғы құны: 14 миллион еуро

Қазіргі құны: 150 миллион еуро

Мане австриялық «Ред Буллда» ойнағанда шынымен де өз атын шығарды. Бірінші маусымда ол 16 гол соқты. Келесіде маусымда тағы да "Зальцбургтің" шабуылдағы басты күшіне айналды. Маненің арқасында "Ред Булл" 2013/14 маусымының соңында Австрия чемпионы атанды, сонымен қатар ел кубогын жеңіп алды.

Африкалық шабуылшы 33 ойын өткізіп, 13 гол соқты. Келесі маусымда Англиядан Садиоға қызығушылықтар туындай бастады. «Вест Хэм» мен «Суонси» оны қатты алғысы келді, бірақ австриялықтардың трансфер сомасына көңілі толмағандықтан, келіссөздер тоқтап қалған.

Ең жылдам, тағы бір ағылшын клубы - «Саутгемптон» болды, ол дарынды сенегалдықты өз қатарына қоса алды. «Саутгемптон» үшін Мане 67 матч өткізіп, 22 рет, орта есеппен, әр үшінші ойында гол соқты. Кейінірек «Ливерпуль» шабуылшының ауысқанын хабарлады. Манеге шамамен 41 миллион евро төлеуге тура келді. Юрген Клопп командасы үшін сенегалдық 114 матч өткізіп, 56 гол соқты. 2019 жылдың 31 шілдесінде Мане FIFA-ның ең үздік ойыншысы атағына үміткер он футболшының тізіміне енгізілді. Ал осы маусымда Мане командаға көптен күткен Премьер-Лиганың титулын алуға көмектесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×