Мане "Астанаға" ауысуы ықтимал

12.12.2011, 16:24
Мане "Астанаға" ауысуы ықтимал

"Ақтөбе" шабуылшысы Малик Мане биылғы маусымды қазақстандық клубта жалға алу бойынша өткізген. Енді келер жылдан бастап сенегалдық ойыншы Олег Протасов баптайтын "Астана" сапына ауысуы ықтимал. Бұл елордалық ұжым үшін өте жақсы трансферлердің бірі болар еді. Маликтің биылғы маусымдағы өнеріне барлық қазақстандық жанкүйерлер тәнті болды. Әсіресе оның Еуропа лигасында көрсеткен ойыны барлығымызды қуанышқа бөледі. Келер жылы Маненің орнын "Ақтөбеде" Тити Эссомба басуы ықтимал. "Астана" командасы сондай-ақ Қайрат Нұрдәлетов пен Марат Шахметов екеуімен келісімшартты одан әрі ұзартты.  Ал Молдовия құрамасының шабуылшысы Игорь Бугаев командадан кететін секілді. Ол алдағы уақытта "Дачия" командасымен келісімге келмек.

"Тараз" командасына жақын арада сербиялық маман келуі ықтимал. Кезінде чемпиондар лигасын жеңген Любко Петрович бапкер ретінде "Црвена Звезда" командасымен "кәрі құрлықтың" басты трофейін жеңген болатын. Алдағы уақытта бапкер Қазақстанға келеді деп күтілуде.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×