Мануэль Локателли «Ювентус» ойыншысы атанды

19.08.2021, 15:30
Туриндік клуб футболшыны сатып алу мүмкіндігімен екі жылға жалға алды.
Мануэль Локателли «Ювентус» ойыншысы атанды

«Сассуолоның» жартылай қорғаушысы Мануэль Локателли «Ювентусқа» ауысты, деп хабарлайды туриндік клубтың ресми сайты.

«Ювентус» футболшыны 35 миллион еуроға сатып алу құқығымен екі маусымға жалға алды. Локателлидің туриндік клубпен келісім-шарты 2026 жылға дейін жарамды болмақ.

Еске салайық, Локателли Еуропа чемпионаты барысында Италия ұлттық құрамасында сәтті өнер көрсетті. Жалпы 5 матч өткізіп, 2 гол соқты. Мануэль өткен маусымда «Сассуоло» жейдесінде 34 матчқа қатысып, 4 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×