Шеран Эйни: «Уақыт айырмашылығы біз үшін мәселе емес»

19.08.2021, 15:53
Футболшы жасанды төсеніште ойнаудың қиын екенін айтты.
Шеран Эйни: «Уақыт айырмашылығы біз үшін мәселе емес»

«Маккаби Тель-Авив» клубының жартылай қорғаушысы Шеран Эйни Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Шахтерге» қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді:

- Уақыт айырмашылығы? Менің ойымша, бұл мәселе емес, бар-жоғы үш сағаттық айырмашылық бар. Балаларыма қоңырау шалу қиын болуы мүмкін, себебі мен жаттығу жасап жатырмын және олармен сөйлескім келеді, бірақ бұл қалыпты жағдай. Бұл мәселе емес.

- Ертеңгі кездесу көрерменсіз өтеді.

- Әр командаға жанкүйерлердің қолдауы қажет. Бұл біз үшін артықшылық болуы мүмкін, бірақ біздің жасанды төсеніште ойнайтынынымызды ескерсек, кемшіліктер әлі де бар. Біз стадионға тезірек бейімделуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×