«Мақтаарал» ойыншысы үш матчтан шеттетілді және бірқатар клубтарға айыппұл салынды

31.03.2022, 20:25
«Ордабасы» ойыншысы екі матчтан шеттетілді.
«Мақтаарал» ойыншысы үш матчтан шеттетілді және бірқатар клубтарға айыппұл салынды

25 наурызда Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Отырыс қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты, ІІІ тур

«Атырау» – «Мақтаарал»

Қарсыласқа шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Мақтаарал» командасының ойыншысы Бруно Алекс үш матчтан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 18 наурызынан бастап есептеледі.

Команданың екі ойыншысын алаңнан шығару кезінде көрсетілген тәртіпсіз мінез-құлқы үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабының 2-тармағына сәйкес «Мақтаарал» клубына 100 АЕК мөлшерінде, яғни 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз) теңге айыппұл салынсын. «Мақтаарал» ФК айыппұлды 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін төлеуі тиіс.

«Тұран» – «Каспий»

Көрермендердің төрешілер тобына айтқан әдепсіз сөздері мен әрекеттері үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес «Тұран» ФК-ға 100 АЕК мөлшерінде, яғни 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз) теңге айыппұл салынсын. «Тұран» ФК айыппұлды 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін төлеуі қажет.

«Ордабасы» – «Ақжайық»

Шектен тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Ордабасы» командасының ойыншысы Максим Ваганов екі матчтан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 18 наурызынан бастап есептеледі.

«Тобыл» – «Қызыл-Жар»

Команданың бес ойыншысы ескерту алған кезде көрсеткен мінез-құлқы үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабының 1-тармағына сәйкес «Қызыл-Жар» ФК-ға 100 АЕК, яғни 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз) теңге айыппұл салынсын. «Қызыл-Жар» ФК айыппұлды 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін төлеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×