«Ордабасы» украиналық қорғаушымен толықты

31.03.2022, 18:26
Футболшы бұған дейін донецкілік «Шахтерде» доп тепкен.
«Ордабасы» украиналық қорғаушымен толықты

«Ордабасы» футбол клубы украиналық қорғаушы Евгений Чаговецпен келісім-шартқа отырды.

Евгений харьковтік «Олимпиктің» түлегі болып табылады. 2015 жылы донецкілік «Шахтёрға» ауысып, жасөспірімдер және жастар командаларында доп тепті. УЕФА Жасөспірімдер лигасында бой көрсеткен: топтық кезеңнің соңғы екі ойынында «Наполи» және «Манчестер Ситидегі» құрдастарымен бақ сынаған.

2019 жылы «Минск» клубына ауысып, ол жерде 62 ойында 4 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×