«Мақтаарал» клубы Қырғызстан құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Одилжон Абдурахмановпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Абдурахманов футболдағы мансабын 2014 жылы қырғызстандық «Алдиер» командасында бастады. Сонымен қатар Қырғызстанда жартылай қорғаушы «Алай» клубының намысын қорғады.
Өткен маусымда Одилжон өзбекстандық «Бунёдкор» сапында доп тепті. Ташкенттік команда үшін Абдурахманов 36 кездесу өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Біздің серіктес: FONBET