«Қызыл-Жардың» еурокубоктегі дебюттік ойыны сәтсіз аяқталды

22.07.2022, 00:50
Ойындағы үш голды да хорватиялық клубтың ойыншылары соқты.
«Қызыл-Жардың» еурокубоктегі дебюттік ойыны сәтсіз аяқталды

«Қызыл-Жар» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Осиекпен» кездесті. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:2 есебімен хорватиялық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойынның 58-минутында «Осиек» шабуылшысы Михрет Топчагич сол қапталдан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. 69-минутта «Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы Жиан Мартинс екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Жеті минуттан кейін Ласло Кляйнхайслер айып алаңының сыртынан тамаша соққы бағыттап, есепті еселеді. Ал 84-минутта Дарко Неяшмич өз қақпасына гол соғып алды.

«Кызыл-Жар» – «Осиек» (Осиек, Хорватия) – 1:2

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Матео Мужек, Валерий Каршакевич, Марк Гурман, Еркін Тапалов – Жиан Мартинс, Мусса Коне – Пабло Подио, Павел Яковлев, Элгуджа Лобжанидзе;

Қосалқы құрам: Владимир Логиновский (қ), Вадим Петров (қ) – Олег Мурачёв, Виктор Зябко, Дмитрий Шмидт, Алдаир Әділов – Рафаиль Оспанов, Сергей Тихоновский, Евгений Козлов, Гиорги Иваниадзе – Тимур Мульдинов;

«Осиек»: Ивица Ивушич (қ) – Марин Леовац, Славко Бралич, Миле Шкорич (к), Карло Бартолец – Дарко Неяшмич, Петар Брлек, Ласло Кляйнхайслер, Иван Фиолич – Мийо Цакташ, Михрет Топчагич;

Қосалқы құрам: Марко Маленица (қ) – Марио Юрчевич, Адриан Баришич, Мато Милош – Михаель Жапер, Ведран Югович, Диего Барри, Кристиан Фучак, Никола Янич, Кристиан Ловрич – Рамон Мьерес, Антонио Манце; 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×