"Тобыл" Қазақстан Кубогінің үшінші турында "Мақтаарал" клубымен кездесті. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 3:4 есебімен аяқталды.
Матч бастала салысымен "Мақтаарал" үш гол соқты. 8-минутта Владимир Седельников, 11-минутта Едіге Оралбай, 17-минутта Рашид Люхай ерекшеленді. 32-минутта Серікжан Мужиков тікелей айып добынан гол соқты. 69-минутта Жасұлан Жұмашев пенальтиді сәтті пайдаланды, ал 82-минутта Диержон Әріпов өз қақпасынна гол соғып алды. Десе де, соңғы сөз "Мақтааралда" қалды. 91-минутта Мәди Хасейн жеңісті голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET