Марадонаның адвокаты: «Жедел жәрдем жарты сағаттан соң келді. Бұл үлкен қылмыс»

27.11.2020, 01:36
Адвокат бұл істі соңына дейін бақылауына алмақ.
Марадонаның адвокаты: «Жедел жәрдем жарты сағаттан соң келді. Бұл үлкен қылмыс»

Қайтыс болған Диего Марадонаның адвокаты Матиас Морла Аргентинаның аңызға айналған футболшысына қарауы керек болған медициналық қызметкерлерін сынға алды.

"Менің досыма 12 сағат бойы көңіл бөлінбегені және оны қадағалауы керек болған медициналық қызметкерлердің сол жерде болмауы түсініксіз.

Жедел жәрдем жарты сағаттан соң келді. Бұл үлкен қылмыс. Және бұл факт назардан тыс қалмауы керек, мен істі соңына дейін тергеуді талап етемін. Диего маған былай деген еді: сен менің сарбазымсың, аяушылық жасамай әрекет жаса", - деп жазды Морла өзінің Twitter парақшасында.

Еске салайық, Диего футболшы кезінде "Аргентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойздың" намысын қорғады. Клубтық мансабында ол 492 матч өткізіп, 258 гол соққан. Аргентина құрамасы үшін 91 матчта 34 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×