Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайсардың" легионерлері - қорғаушы Иван Граф пен жартылай қорғаушы Кларенс Битанг команда орналасқан жерден кетіп қалды.
Хорватиялық футболшының жарақаты бар, сондықтан ол емделуге кетті. Ол мансабын "Қайсарда" жалғастыра ма, жоқ па - белгісіз. Камерундыққа келетін болсақ, ол отанына кетуге шешім қабылдады.
"Қайсардың" қарамағында тек екі шетелдік футболшы қалды - сербиялық Александр Станисавлевич пен голландиялық Элвин Фортес.
Бұған дейін Стойчо Младенов бастаған жаттықтырушылар құрамының Алматыдан кетіп қалғаны белгілі болды. Команда капитаны Асхат Тағыбергенмен болған жанжал басты себептердің бірі ретінде қарастырылуда.