
«Астана» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
— Адиев құраманы қалай біріктіре алды?
— Ол құрамада ортақ рух қалыптастырды. Гвардиола бірде: "Қосалқы құрамда отырғандар әрқашан риза болмайды" деген еді. Бірақ бізде ондай сезім болмады. Әркім бір-бірі үшін уайымдады. Бұл – бапкердің қолтаңбасы.
— Ол бұған қалай қол жеткізді?
— Сөздерімен. Мұны түсіну үшін жаттығудағы атмосфераны сезіну керек. Барлығымыз құрамадан шақырту алғымыз келді. Тек тізімге ену де қуаныш болды. Мүмкін клубта мұндай оңай емес. Өйткені ойындар үздіксіз жүреді. Бірақ ұлттық құраманың әрбір сәті ерекше болатын.
— Адиевтің ашықтығы мен сенім ұялататыны туралы
— Ол футболшыларға сенімділік сыйлайды. Мысалы, мен «Ахматта» ойнамай жүрген кезімде де, құрамадан шақырту алдым. Өзім де таңғалдым. Қонақ үйге кірсем, Адиев бірінші боп: «Неге клубта ойнамай жүрсің?» деп сұрайды. Жағдайды түсіндірдім. Ол: «Мара, сен менің негізгі ойыншымсың. Мен саған сенем. Дайындал» деді. Мұндай қарым-қатынастан кейін сен де бапкердің сенімін ақтағың келеді. Мен барлық жаттықтырушы үшін барымды саламын. Бірақ мұндай сәттердің маңызы ерекше, – деді Быстров Championat сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET