Роналду командадан кетеді

20.05.2025, 18:00

Криштиану Роналдудың “Аль-Наср” клубынан кетуі мүмкін деген ақпараттар соңғы уақытта жиі талқыланып жүр. Саудиялық журналист Мохаммед әл-Дуиштің мәліметіне сәйкес, Роналду клубтан кетуді ойластыруда, себебі оның бапкер ауыстыру және белгілі бір шетелдік ойыншыларды алу туралы талаптары клуб тарапынан орындалмаған.

Роналду командадан кетеді

Саудиялық “Okaz” газетінің хабарлауынша, Роналду клубпен келісімшартын ұзарту үшін төрт негізгі талап қойған: 

1. Бас бапкер Стефано Пиолиді қызметінен босату.

Роналду Пиолидің басқаруындағы команданың нәтижелеріне қанағаттанбай, әлемдік деңгейдегі жаңа бапкерді тағайындауды сұраған.

2. Команда құрамын жаңарту.

Ол бірнеше жергілікті және шетелдік ойыншылардан бас тартуды, сондай-ақ жаңа ойыншыларды тарту үшін 300 миллион риял (шамамен 80 миллион доллар) бюджет бөлуді талап еткен.

3. Спорт директоры Фернандо Йерроны қызметінен босату. 

Роналду клубтың трансферлік саясатын жақсарту үшін тәжірибелі спорт директорының келуін қалаған.

4. Жоғары деңгейдегі жаңа ойыншыларды тарту.

Ол Манчестер Юнайтедтің жартылай қорғаушысы Каземиро сияқты ойыншыларды алуды ұсынған.

Егер бұл талаптар орындалмаса, Роналду клубтан кетуді қарастыратынын мәлімдеген. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусым айында аяқталады.

“Аль-Наср” клубы соңғы маусымда айтарлықтай жетістіктерге жете алмады. Команда Сауд Арабия Премьер лигасында үшінші орынға тұрақтап, АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Роналдудың болашағы әлі де белгісіз. Ол Сауд Арабиясында қалуға ниетті екенін бірнеше рет айтқанымен, клубтың оның талаптарын орындамауы жағдайды күрделендіруі мүмкін. Кейбір ақпарат көздері оның Бразилия клубтарының біріне ауысуы немесе басқа Еуропалық клубтарға оралуы мүмкін деп болжауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×