
«Астана» мен Литва құрамасының қорғаушысы Кипрас Кажуколовас жазда команда ауыстыруы ықтимал.
Футболшыға еуропадан ұсыныс түседі деп күтілуде. Бұл турады kazakh_football_inside телеграм-арнасы мәлімдеген болатын.
«Біздегі ақпарат бойынша “Астана” қорғаушысы Кипрас Кажуколовасқа шетелдік клубтар қызығушылық танытуда. Жазғы трансферлік ауысым кезінде Астананың 24-жастағы Литва Ұлттық құрамасының қорғаушысы үшін қомақты қаражат ұсынылуы мүмкін», - делінген әріптесіміз Қазбек Тайлановтың телеграм-арнасындағы жазбада.
Кипрас Кажуколовас ҚПЛ-2025-те «Астананың» барлық кездесулеріне қатысып шыққан (ҚПЛ-де 9 ойын, Кубокте бір матч). Былтыр 20 ойында өнер көрсетіп, 1 голдың авторы атанды. «Астанаға» дейін литваның «Жальгирис», «Катастрофа» және англияда «Брайтонның» жастар командасының намысын қорғаған. Кипрас сондай-ақ, Литва жейдесінде 13 матчта доп тепкен. Футболшы мен елордалық ұжымның келісімшарты биылдың соңына дейін жарамды. Қорғаушының нарықтық бағасы 700 мың еуро.
Біздегі ақпарат бойынша Астана” қорғаушысы Кипрас Кажуколовасқа шетелдік клубтар қызығушылық танытуда. Жазғы трансферлік ауысым кезінде Астананың 24-жастағы Литва Ұлттық құрамасының қорғаушысы үшін қомақты қаражат ұсынылуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET