
Павлодарлық Альбина Бунеску әлемнің ең атақты футбол клубтарының бірі – «Реал» Мадридтің маркетинг бөлімінде ресми түрде жұмысқа кірісті.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.
Альбина Бунеску Астанада жылжымайтын мүлік сатып алу мен шетелде білім алу арасында таңдау жасаған екен. Сөйтіп, біраз толғаныстан кейін тәуекелге барып, Мадридтегі жоғары оқу орнына түседі. Оқу барысында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болып, ақыры әйгілі клубпен еңбек келісімшартына қол қою мүмкіндігіне ие болды.
«Мен өз арманыма сендім. Енді өзгелерге де шекара жоқ екенін көрсеткім келеді», — деп жазды Альбина Бунеску.
Айта кетейік, Қазір Альбина Бунеску «Real Madrid» клубының маркетинг департаментінде жұмыс істейді.
Біздің серіктес: FONBET