Marca: Месут Озил жəне Анхель Ди Мария "Реалға" оралғысы келеді
01.12.2016, 05:45
Озил "Арсенал" клубымен 2018-ші жылға дейін келісім шартқа отырғанымен, неміс ойыншысы ағылшындық клубпен одан əрі жұмыс істегісі келмейді. Marca басылымының мəлімдеуі бойынша, бұл ойыншы өзінің бұрынғы əріптестері жайлы жиі айтып, "Реал" сапында қайта ойнағысы келетінің жеткізіп отыр.
Дəл осындай жағдайлар Ди Мария тарапында да орын алып отыр. Аргентиналық ойыншыға париждік клубтың ойнау стильі көңілінен шығар емес, жəне, мадридтік клубқа қайта оралуға да қарсы емес.
Баян Қабден