Marca: “Рюдигер маусым бойы ауырсыну мен қолайсыздықпен ойнады. Ол қатты қиналды”

17.05.2025, 21:00

Испанияның беделді Marca басылымының хабарлауынша, "Реал Мадрид" клубының қорғаушысы Антонио Рюдигер осы маусым бойы денсаулығы қалпында болмаса да, футболын тоқтатпай, командасына жан-тәнімен көмектесіп келді.

Marca: “Рюдигер маусым бойы ауырсыну мен қолайсыздықпен ойнады. Ол қатты қиналды”

Ол маусым басынан бері тұрақты ауырсыну мен қолайсыздықты сезіне тұра, бапкері мен командаластарын қиын сәтте жалғыз қалдырмау үшін алаңға қайта-қайта шыққан.

Дәрігерлер оған демалып, толық жазылғанша ойнамауға кеңес берген, алайда Рюдигер бұл ұсынысты қабылдамай, өз шешімімен ойнауды жалғастырған екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×