"Астана" жартылай қорғаушысы Марин Томасов Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі грекиялық "Ариске" қарсы өтетін матч туралы пікірімен бөлісті:
- "Арис" - байсалды команда, бұл біз үшін оңай матч болмайды. Егер біз өз ойынымызды көрсетсек, жеңе аламыз. "Астана" Еуропада алтыншы жыл ойнап келеді және қазірдің өзінде аты әйгілі клуб десек те болады. Әдетте біз Чемпиондар лигасында ойнайтын едік. Енді жеңіске жетіп, топтық кезеңге шығуға тырысу керек. Бұл оңай болмайды, бірақ біз тырысамыз және Құдай бұйыртса, бізде жақсы матч болады. Біз жеңіске жету үшін және қонақта еш қиналмай ойнайтындай матчты қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз.
Біздің серіктес: FONBET