Хорватияның бұрынғы шабуылшысы Марио Манджукич бапкерлік мансабын бастады. 35 жастағы экс-футболшы ұлттық құраманың бас бапкері Златко Даличтің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Хорватия футбол одағының сайты.
Манджукич осы жылдың қыркүйегінде мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Шабуылшы «Динамо Загреб», «Вольфсбург», «Бавария», «Атлетико», «Ювентус», «Милан» және басқа да клубтардың намысын қорғады.
Хорватия құрамасымен бірге Манджукич 2018 жылы әлемнің вице-чемпионы атанды.
Еске салайық, Хорватия құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдама алып үлгерді. Іріктеу тобындағы бірінші орын үшін болған шешуші матчта Далич шәкірттері Ресей құрамасын (1:0) жеңді.
Біздің серіктес: FONBET