Мартин Эдегор жақын арада «Арсенал» ойыншысы атанады

26.01.2021, 04:39
Мадридтік клуб футболшыны жалға жібермек.
Мартин Эдегор жақын арада «Арсенал» ойыншысы атанады

"Реал Мадридтің" норвегиялық футболшысы Мартин Эдегор "Арсеналмен" келісімшартқа отыру үшін Лондонға ұшып кетті. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, футболшы бүгін медициналық тексерістен өтті.

Осы маусымда Эдегор Испания чемпионатында жеті ойынға қатысты. Чемпиондар лигасында екі кездесу өткізді. Эдегор "Реал Мадрид" клубына 2015 жылы қосылған болатын.

Бұған дейін лондондық клуб ойыншының жалақысын толық төлейтіні туралы хабарлаған болатын. Эдегорды "Арсеналдың" ұсынысын қабылдауға көндірген басты себеп - "зеңбірекшілердің" бас бапкері Микель Артетаның норвегиялықпен байланысқа шығуы болды.

Сондай-ақ "Реалдың" Эдегорды жалға беру туралы келісімшартқа сатып алу нұсқасын енгізуді көздемейтіні белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×